«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бөрлі ауданында үш бірдей жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Пугачев ауылында 300 орындық, Ақсай қаласының Ихсанов көшесінде 300 орындық және 13-ықшамауданда 900 орындық мектептер салынуда.
Аталған жобалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жаңа білім ошақтары заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталып, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді.
Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау және жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Мендіғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Нәбиоллаұлы Сафуллин, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық жетекшісі Охасов Ақжол Қожабергенұлы, сондай-ақ Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алтай Серғазиевич Тоғжанов нысандарды аралап шықты.
Жоба аясында салынып жатқан мектептер алдағы уақытта ауданның білім саласына тың серпін беріп, сапалы білім беруге жол ашары сөзсіз.
#келешекмектептері