2024–2025 оқу жылының республикалық байқаулар жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевпен кездесті

2024–2025 оқу жылының республикалық байқаулар жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевпен кездесті

«Ұстаз мерейі — мәртебелі марапат» атты шара аясында 2024–2025 оқу жылында республикалық байқауларда жеңімпаз атанған педагогтер Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевпен кездесті. Шараға ауданымыздың ұстаздары қатысып, марапатқа ие болды.
🔶Республикалық байқаулар жеңімпаздарының тізімі:
Бас жүлде иегері:
🔷Габдуллина Галия Гимеденовна, Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — республикалық «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» мұғалімдер байқауының командалық сайысы бойынша бас жүлде иегері.
🔶Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері:
🔷Мұрат Гүлшат Қанатқызы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің сынып жетекшісі — республикалық «Үздік сынып жетекші» байқауының 3-орын иегері.
🔶Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері:
🔷Даулеткалиева Валентина Сайрамбетовна, Балалар музыка мектебінің қосымша білім беру педагогі — ХХІІ республикалық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінің «Оқыту сабағы» номинациясы бойынша «Үздік презентация» байқауында 3-орын иегері.
🔷Изимгалий Аслан Сюнжанұлы, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі — «Еуропа–Азия – 2024» республикалық туристік фестивалінің «Үздік әдіскер» бағыты бойынша 1-орын иегері.
🔷Ералиев Тлек Қайыргалиевич, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі — сол фестивальдің «Түнгі бағдар» бағыты бойынша 3-орын иегері.
🔷Ерланов Нұркен Ерланұлы, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі — «Түнгі бағдар» бағыты бойынша 2-орын иегері.
🔷Әбуталиев Аманжан Батыржанұлы, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі — «Байлам» қашықтығы бойынша 3-орын иегері.
🔷Сарсенова Оралгүл Амантайқызы, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі — «Жеке» қашықтық бойынша 3-орын иегері.
Құттықтаймыз!