Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінде білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Жиында білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Жігерқызы оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустардың техникалық және санитарлық талаптарға сәйкестігі, жүргізушілердің жауапкершілігі, балаларды отырғызу және түсіру орындарының қауіпсіздігі, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуы жан-жақты қаралды.

Ерекше назар аударылған бағыттар:

мектеп автобустарында «Балаларды тасымалдау» арнайы белгісінің болуы;

жаяу жүргіншілер өткелі мен жол белгілерінің талаптарын сақтау;

оқушылардың қауіпсіздік белдігін тағуын қамтамасыз ету;

тасымалдау кезінде балалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның бақылауын ұйымдастыру;

автобус қозғалысы барысында қауіпсіздік талаптарының толық орындалуын қамтамасыз ету.

Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!
Оқушыларды тасымалдау жұмысының сапалы әрі қауіпсіз ұйымдастырылуы – ата-ана, мектеп және жауапты қызметкерлердің бірлескен міндеті.