Құрметті ата-аналар, педагогтер және оқушылар!
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Әсіресе электр энергетикасы объектілері орналасқан аумақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды.

Оқушыларға ескерту:
Электр желілері, трансформаторлық қосалқы станциялар, электр қондырғылары мен электр беру желілері – өмірге қауіп төндіруі мүмкін нысандар. Оларға жақындауға, қоршаулардан асып кіруге, электр жабдықтарына қол тигізуге, есіктерді өздігінен ашуға немесе қорғаныш құрылымдарын бұзуға қатаң жол берілмейді.

Ата-аналарға:
Балаларыңызға электр нысандарының маңында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіздер. Баланың қай жерде жүргеніне назар аударып, қауіпті аумақтарға бармауын қадағалау – жазатайым жағдайлардың алдын алудың маңызды бөлігі.

Педагогтерге:
Сынып сағаттарында, тәрбие жұмыстарында және ата-аналармен кездесулерде электр қауіпсіздігі тақырыбын тұрақты түрде түсіндіріп, оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.


Балалар, есте сақтаңдар:

Электр сымдарына жақындамаңыздар;

трансформаторлық қосалқы станцияларға кірмеңіздер;

электр бағаналарына шықпаңыздар;

қоршауларды ашпаңыздар және бұзбаңыздар;

бейтаныс немесе қауіпті электр жабдықтарына қол тигізбеңіздер.
Қауіпсіздік ережесін білу – жеткіліксіз, оны күнделікті сақтау маңызды!

Бала қауіпсіздігіне ата-ана, педагог және оқушы болып бірге жауапкершілікпен қарайық!
Құрметпен,
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі