Қамқоршылар күні

Қамқоршылар күні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына сәйкес жыл сайын 29 қазанда «Мейірімді жүрек» республикалық акциясы аясында «Қамқоршылар күні» мейрамы аталып өтеді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға тілек білдіретін азаматтардың (қорғаншы, қамқоршы,патронаттық тәрбиеші, бала асырап алушы) санын көбейту үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

         Дәстүр бойынша бұл күні ауданымыздағы қамқоршыларды қолдау мақсатында, осы мерекеге орай "Дөңгелек үстел" отырысын ұйымдастырып, балаларға жан жылуын, нәзіктік пен ілтипат сыйлай білетін адамдарды құрметтейміз. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасы сыйлаған жандарға алғыс айтамыз.

         Биылғы ұйымдастырылған кездесу барысында әр ата - ана өзінің қамқорлығындағы бала туралы әңгімелеп, балалары оларға өздерінің алғыстарын жеткізді. Кездесу соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Есеналиев қамқоршыларға құрмет көрсетіп, аудан әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.