Ауыл олимпиадасының ІІ кезеңінің қорытындысы

Ауыл олимпиадасының ІІ кезеңінің қорытындысы

2023 жылдың 22-23 желтоқсан күндері ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өткізілді. Мұндағы мақсат — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. Алғашқы іріктеу кезеңінен 526 оқушыдан 319 оқушы екінші кезеңге өтіп, оның 217-сі қатысып, 29-ы жүлделі орындар алса, 28-і Алғыс хатпен марапатталды. 7 оқушымыз🥇І орын иеленіп республикалық кезеңге өтті. Атап айтсақ, география пәнінен Қ.Байсықов ат.ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Сахиев Саян (жетекшісі: Дюсалиева Диана Ержановна), орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Қ.Байсықов ат. ЖОББМ-нің 10 сынып Юсупбекова Айханум (жетекшісі: Жәйлі Гүлзада Аханғалиқызы), Қазақстан тарихы пәнінен Қ.Байсықов ат. ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Сағидолла Гүлажар (жетекшісі: Жұмагереева Мейрамгүл Борашкызы), информатика пәнінен Абай ат. МГ-ның 9 сынып оқушысы Төлеген Инабат (жетекшісі: Маужигитова Агрыс Габитовна), орыс тілі пәнінен Абай ат. МГ-ның 11 сынып оқушысы Муса Алина (жетекшісі: Жардемова Жанаргүл Калиоллина), биология пәнінен Бударин МБК-нің 10 сынып оқушысы Мақсот Гүлімай (жетекшісі: Галимова Жанаргүл Максутовна), география пәнінен #1 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Ерланова Айзада (жетекшісі: Қайрғалиев Кайырбек Еркегалиевич).