2025 жылы 16 сәуірде Бесқарағай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

2025 жылы 16 сәуірде Бесқарағай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында ауылдық округ әкімдерінің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы баяндамаларын депутаттар тындап, талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Заденов баяндамасын оқыды. Сондай-ақ комиссия отырысының сонында Бесқарағай ауданы бойынша комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер еңгізілді.

Бірлескен тұрақты комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, сұрақтар  кезекті жиырма жетінші сессияның қарауына енгізілді.