Бесқарағай ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9,10 -баптарына сәйкес, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Бесқарағай ауданының Қоғамдық кеңесіне 11 (он бір) адамнан жаңа құрамын сайлау бойынша конкурс жариялайды.
Бесқарағай ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Бесқарағай ауданының аумағында тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
1) Заңда және осы хабарламада белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттар 2025 жылғы 16 сәуірден бастап 29 сәуірге дейін, жұмыс күндерінде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі уақытта (13.00-ден 14.30-ге дейін үзіліс) maslikhat@rambler.ru электрондық поштаға және Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, 144 үй, 20 кабинетте қабылданады. Анықтамалар 8(72236)91253, 90707 телефоны бойынша беріледі.