
Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезекті XLIII сессиясы
2026 жылғы 25 маусымда аудандық мәслихат төрағасы Мейрамгуль Абылгазинованың төрағалығымен Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезекті XLIII сессиясы өтті. Сессияның жұмысына аудан әкімі Ділдар Қалиқан, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жұмысы туралы, ауданда мал шаруашылығын одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге кредит беру және субсидиялау шаралары туралы мәселелері қаралды.
Сондай-ақ депутаттар тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы, Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 4/8-VІІІ «"Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы және «Абай облысы Бесқарағай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 36/15-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелерді талқылады.
Депутаттар аудан әкімінің есебіне оң баға беріп, жүктелген міндеттердің тұрақты орындалып жатқанын және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасын атап өтті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, депутаттар бірауыздан оң дауыс берді.