«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10, 19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау бойынша учаскелік № 257 сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік -аумақтық бірлігі аумағында тұруы қажет.
Сайлау комиссияларының орналасқан жері №257-Бесқарағай ауылы.
Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды
Бесқарағай аудандық мәслихатының сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты: А.Молдашева, тел. 8722369-07-07.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова