Бесқарағай аудандық мәслихатының Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ 

Бесқарағай аудандық мәслихатының Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ 

        Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамында бос орынның пайда болуына байланысты (сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сайлау комиссиясының қызметін it-сүйемелдеу мәселелері, сайлау комиссияларына келіп түскен өтініштер мен шағымдарды талдау, мәслихат депутаттарының бос орындарына мониторинг жүргізу, өкілеттіктерін тоқтату себептерін талдау мәселелеріне жауап беретін аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі) және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) Бесқарағай аудандық мәслихаты Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлайды.            Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден құралады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.            Әрбір саяси партия аумақтық сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.            Саяси партия өз мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.            Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсыныстары негізінде сайлайды.            2026 жылғы 12 маусымға дейін Бесқарағай аудандық мәслихатына келесі құжаттарды ұсыну қажет:            1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді электрондық және қағаз форматта;            2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;            3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;            4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.            Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер мен кандидаттардың келісімі туралы өтініштердің нысандары Бесқарағай аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы конституциялық заң талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №129/624 қаулысымен бекітілген аумақтық сайлау комиссиялары мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына (білім деңгейі, еңбек өтілі және (немесе) жұмыс тәжірибесі, кәсіби құзыреттер) сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар кандидат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау заңнамасын білу бойынша тестілеуден өткенін растайтын сертификатқа ие болуы тиіс.             Сайлау комиссиясының мүшесі бесқарағай ауданының аумағында тұруы тиіс.            Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлерінен тұрмауы тиіс, бұған Сайлау туралы конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар кірмейді.            Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар (қамқоршылар), асырап алынғандар, толық және толық емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды.            Бесқарағай аудандық мәслихатына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыс телефоны) қамтылуы тиіс.            Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 12 маусымға дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) жүзеге асырылады.             Бесқарағай ауданының мәслихаты             Абылгазинова Мейрамгуль Рысбековна – Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы.            Мекенжайы: Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, С. Сейфуллин көшесі, 144 үй.            Жауапты маман – Молдашева Асель Рахметулловна, 20-кабинет, байланыс телефоны: +7 708 705 82 42, электрондық пошта мекенжайы beskaragai.maslihat@yandex.ru.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынымдарға 5-қосымша

 

Нысан

 

_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

 

төрағасына

  _________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

_______________________________________________тұратын

                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

 

_________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

 

______________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

 

Өтініш

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

______________________________________________________________________       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ______ жыл:

_____________________________________________________________________________________(комиссияның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

Төмендегілер үшін жауапты аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде _____ жылдан кем емес жұмыс өтілі бар

мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері үшін;

сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелері үшін;

сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері үшін;

сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері үшін;

сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелері үшін;

сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері үшін),

оның ішінде ұйымдардың басшылық лауазымдарында кемінде ____ жыл жұмыс өтілім бар.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін қоса тіркеймін.

 

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

20____ жылғы «____»____________                                                _________________________

                                            (өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

Мен:-          мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;-          мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін*.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

1.                   

 

әкесі

2.                   

 

анасы

3.                   

 

ұлы

4.                   

 

қызы

5.                   

 

ағасы

6.                   

 

әпкесі

7.                   

 

атасы

8.                   

 

әжесі

9.                   

 

немересі

10.               

 

жұбайы (зайыбы)