Халықпен кездесулер

Халықпен кездесулер

«AMANAT» партиясынан аудандық мәслихат депутаттары аудан тұрғындарымен есептік кездесулерін өткізуде.

Кездесу ашық диалог форматында өтуде. Кездесу барысында депутаттар атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жүзеге асырылған бастамалар, әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндауда.

Ауыл тұрғындары талқылауға белсенді қатысып, халықтың күнделікті тұрмысына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтеруде.

Тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, кейбір өтініштер жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп әрі қарай қарастыру үшін жұмысқа алынды.

Осындай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатудың маңызды алаңы болып табылады. Олар тұрғындардың пікірін тыңдап, ең өзекті мәселелерді анықтауға және оларды бірлесіп шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.