Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарландыру

Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарландыру

Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10, 19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау бойынша учаскелік № 254, № 257, № 259, № 260, № 261, № 269, № 273, № 274, № 275, № 282, №283, № 285 сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік -аумақтық бірлігі аумағында тұруы қажет.

Сайлау комиссияларының орналасқан жері № 254-Қарағайлы ауылы, № 257-Бесқарағай ауылы, № 259-Бесқарағай ауылы, № 260-Бесқарағай ауылы, № 261-Бесқарағай ауылы, № 269-Старая Крепость ауылы, № 273-Канонерка ауылы, № 274-Қара-Мырза ауылы, № 275-кордон Қарабаш, № 282-Грачи ауылы, № 283-Ерназар ауылы, № 285-Морозов орманшаруашылығы ауылы.

Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды Бесқарағай аудандық мәслихатының сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде қабылдайды.

Материалдарды жинауға жауапты:

А.Молдашева, тел. 9-07-07.

 

 

Бесқарағай аудандық
мәслихаты төрағасының
уақытша міндетін атқарушысы                                        Н. Калижанова