
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ
2026 жылғы 15 сәуір күні Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тастенбеков, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.К. Абылкасова, аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Б.А. Наурызбаев және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Ж. Баталов қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) «Бесқарағай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/6-VІІІ шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
2) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/9-VІІ «Бесқарағай аудандық бюджеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5–VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Абай облысы, Бесқарағай ауданының Белокаменка ауылының дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспары) бекіту туралы;
5) Абай облысы, Бесқарағай ауданының Бөкебай ауылының дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспары) бекіту туралы;
6) Абай облысы, Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылының дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспары) бекіту туралы;
7) Абай облысы, Бесқарағай ауданының Стеклянка ауылының дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспары) бекіту туралы;
8) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 34/9–VI «Кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
9) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 6/13-VІІІ «Бесқарағай ауданы бойынша жер комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, депутаттар бірауыздан оң дауыстарын берді.