
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТІ ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯСЫ
2026 жылғы 27 наурыз күні Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті.
Сессияның жұмысына Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сунгат Болатбекович Назаров, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Асыл Аманғалиұлы Өміртаев, дербес бөлімдердің басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Кезекті отыз сегізінші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 қазандағы № 21/11-VІІІ «Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
2) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/5-VІІІ «Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/9-VІІ «Бесқарағай аудандық бюджеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 29/14-VІІ «Абай облысы Бесқарағай ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 29/15-VІІ «Абай облысы Бесқарағай ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 28/11-VІІ «Абай облысы Бесқарағай ауданының терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, депутаттар бірауыздан оң дауыстарын берді.