АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Мониторинг барысында депутаттар сауда нысандарын аралап, бірінші кезектегі қажетті азық-түлік өнімдерінің бар-жоғын және бөлшек сауда бағаларының деңгейін тексерді. Нан, ұн, қант, күнбағыс майы, жарма өнімдері, картоп, ет және сүт өнімдеріне ерекше назар аударылды.

Мониторингтің негізгі мақсаты – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және халық үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлермен сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг тұрақты негізде жалғасатын болады. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат уәкілетті органдарға жолданады.

Баға тұрақтылығы мен аудан тұрғындарының мүдделерін қорғау басым бағыттардың бірі болып қала береді.