
Бесқарағай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Отырысқа аудан әкімінің міндетін атқарушысы Д.Қ. Қалиқан, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің өкілі (ZOOM қосымшасы арқылы) қатысты.
Күн тәртібінде мемлекеттік мекемелердің, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің және тұрғын үй қорының қысқы жылыту маусымының барысы, сондай-ақ 2026 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек алу мәселелері қаралды.
Отырыс соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Қалиқан кеңес мүшелерін ауданның дамуына үлес қосуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.