9 ҚАҢТАР КҮНІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТТІ

9 ҚАҢТАР КҮНІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТТІ

9 қаңтар күні аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының 2026 жылғы алғашқы отырысы zoom платформасы арқылы өтті.


Күн тәртібіне ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ бюджет, экономика және аймақтық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның және депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары енгізіліп, қаралды.


Отырыс барысында депутаттар жұмыс жоспарларына қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтар қойып, алдағы кезеңге арналған өзекті мәселелерді айқындады.


Отырыс соңында тұрақты комиссиялардың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітіліп, жоспарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті әрі маңызды мәселелер енгізілді.