
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ
2025 жылғы 23 желтоқсан күні Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.
Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н.О. Агибаев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.К. Абылкасова, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы К.Б. Толеуов және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде 2026 жылға Бесқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы, 2026 жылға арналған Бесқарағай ауданы бойынша жер комиссиясын құру туралы, Абай облысы Бесқарағай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы және басқа да мәселелер қаралды.