БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТІ ОТЫЗ БЕСІНШІ СЕССИЯСЫ

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТІ ОТЫЗ БЕСІНШІ СЕССИЯСЫ

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТІ ОТЫЗ БЕСІНШІ СЕССИЯСЫ

 

2025 жылғы 18 желтоқсан күні Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезекті отыз бесінші сессиясы өтті.

Сессияның жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Б. Назаров, аудан әкімінің орынбасары Н.О. Агибаев, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатысты.

Кезекті отыз бесінші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  2. Бесқарағай аудандық мәслихаты төрағасының есебі.
  3. Депутаттық өкілеттер, этика және заңдылық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының есебі.
  4. «Абай облысы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау жөніндегі есебі.
  5. Әртүрлі мәселелер.

«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде 2025-2027 жылдарға арналған ауданының бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу қаралды, аудандық мәслихатының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру туралы шешіміне өзгерістер енгізілді, Бесқарағай аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, депутаттар бірауыздан оң дауыс берді.