
КАНОНЕРКАДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ СУ МӘСЕЛЕСІ МЕН ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
3 желтоқсан күні Бесқарағай аудандық мәслихаттың төрағасы М.Р. Абылгазинова аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Б. Назаровтың Канонерка ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында округ аумағында биыл жүзеге асырылған бірқатар ауқымды жобалар туралы сөз болды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Канонерка сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Н.Г. Беленкова Канонерка ауылындағы Гагарин көшесінде және Қара-Мырза ауылындағы Абай, Лесная және Боровая көшелерінде қосымша жарықтандыру шамдарын орнату мәселесін көтерді.
Айтылған мәселелер назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.