
Ауылдық округтердегі өзекті мәселелер мен жүзеге асырылған жобалар талқыланды
2 желтоқсан күні Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы М.Р. Абылгазинова аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Б. Назаровтың 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөніндегі есебіне арналған Ерназар және Баскөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында округтер аумағында биыл жүзеге асырылған бірқатар ауқымды жобалар атап өтілді. Атап айтқанда, жол инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды жөндеу және тұрғындарға арналған әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндалды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Айтылған мәселелер назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Ерназар сайлау округіне қарасты аудандық мәслихат депутаты Т.А. Султанов жыл бойы атқарылған жұмыстары мен өзекті мәселелер бойынша жолданған депутаттық сауалдар жөнінде баяндама жасады. Депутат сонымен қатар тұрғындардың қойылған сұрақтарына жауап берді.
Жалпы, кездесу ауыл өміріне қатысты жаңа міндеттер мен жоспарларды айқындап, тұрғындар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы ашық диалогтың тиімділігін тағы бір мәрте көрсетті.