
ҚР Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10,19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына ҚР Президент, Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Бесқарағай аудандық учаскелік № 261, № 265, № 271, №272, №282, №285 сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік -аумақтық бірлігі аумағында тұруы қажет.
Сайлау комиссияларының орналасқан жері № 261-Бесқарағай ауылы, № 265-Жыланды ауылы, № 271-Бөдене ауылы, №272-Мостик ауылы, № 282-Грачи ауылы, №285-Морозов орманшаруашылығы ауылы.
Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды Бесқарағай аудандық мәслихатының сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты:
А.Молдашева, тел. 9-07-07.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова