
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СЕССИЯСЫ
Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы ZOOM платформасы арқылы өтті.
Сессияның жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Б. Назаров, Бесқарағай, Глуховка, Қарабас, Долон, М-Владимировка ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.А. Омиртаев және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.К. Абылкасова қатысты.
Кезектен тыс отыз төртінші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 26/6-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Долон ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 26/8-VIII «2025-2027 жылдарға арналған М-Владимировка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5–VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, депутаттар бірауыздан оң дауыс берді.