БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Отырыс Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшелерін алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен басталды.

Бесқарағай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Рахметулин кеңес мүшелеріне белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің аудан дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Кеңес барысында аудан әкімі Н. Қошқарбаев 2025 жылдың сегіз айында атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Сонымен қатар, Долон және Глуховка ауылдық округтерінің әкімдері өз аумақтарында қолға алынған жобалар туралы баяндама жасады.