БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТІ ОТЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТІ ОТЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТІ ОТЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ

 

2025 жылғы 24 қыркүйек күні Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезекті отызыншы сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясына қатысқан депутаттардың саны сессияны ашуға мүмкіндік береді.

Сессияның жұмысына аудан әкімі, ауылдық округтердің әкімдері мен дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кезекті отызыншы сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Мемлекеттік мекемелерді, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді, тұрғын үй қорын қысқы жылыту маусымына дайындау барысы туралы.
  2. Баскөл және Қарабас ауылдық округтері әкімдерінің функционалдық міндеттері мен міндеттерін орындау туралы есептері.
  3. Бюджет, экономика және аймақтық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
  4. Әртүрлі мәселелер:

1) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 26/4-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Беген ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 28/11-VІІ «Абай облысы Бесқарағай ауданының терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 29/14-VІІ «Абай облысы Бесқарағай ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 29/15-VІІ «Абай облысы Бесқарағай ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5–VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6)  Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы  № 25/8-VIІІ «Бесқарағай ауданы бойынша жер комиссиясының дербес құрамы туралы».

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, депутаттар бірауыздан оң дауыс берді.