Тұрақты комиссияның отырысы
2025 жылғы 24 қыркүйек күні Бесқарағай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында:
- мемлекеттік мекемелерді, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді, тұрғын үй қорын қысқы жылыту маусымына дайындау барысы туралы;
- Баскөл және Қарабас ауылдық округтері әкімдерінің функционалдық міндеттері мен міндеттерін орындау туралы;
- бюджет, экономика және аймақтық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі;
- 2025-2027 жылдарға арналған Беген ауылдық округінің бюджетінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Семей қаласының қалыптасқан шекараларын (шегін) келісу мәселесі туралы баяндамалар тыңдалды.
Бірлескен тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелері толығымен қаралып, сұрақтар кезекті отызыншы сессияның қарауына енгізілді.