ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ НҰРТАЙ САЛИХҰЛЫ САБИЛЬЯНОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНА КЕЛДІ
Сапар аясында депутат ең әуелі ауданның туризм саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Алғашқы нысан ретінде Жылынды ауылында салынып жатқан «ZHYLANDY ECO VILLAGE» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Кейін Жыланды ауылындағы су құбыры желісінің құрылыс барысымен танысып, жобаны жан-жақты саралап, сапалы әрі уақытылы аяқтауды атап өтті.
Нұртай Салихұлы жұмыс сапарын Долон ауылдық округінде жалғастырып, Долон–Мостик бағытындағы жолдың қазіргі жағдайымен және Мостик ауылында салынып жатқан су құбыры желісінің құрылыс барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесті.