Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы
14 тамыз күні аудандық мәслихат төрағасы М.Р. Абылғазинова құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Отырысқа Бесқарағай ауданының прокуроры, Бесқарағай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылды.
Аталған мәселелер бойынша Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің, Қарабас, Долон және Беген ауылдық округтері әкімдерінің міндеттерін атқарушыларының баяндамалары тыңдалды.
Отырыстың нәтижелері бойынша ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысты одан әрі жандандыруға қатысты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.