Жұмыс тобының Бөдене ауылына шығуы
9 шілде күні аудандық мәслихат төрағасы М.Р. Абылғазинова аудан әкімі Н.Т.Қошқарбаев басқарған жұмыс тобының құрамында Бөдене ауылына шығып, ауылды ауыз сумен жабдықтау бойынша жасалған құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысып қайтты.
Сапар барысында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компанияның өкілдерімен кездесіп, су құбырларын қосу бойынша туындаған проблемалық мәселелерді шешу жөнінде қабылданатын шараларды талқылап, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде жұмыс тобымен мердігерлерге бірқатар тапсырмалар берілді.
Аталған жоба «AMANAT» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Бұл мәселе аудандық депутатардың және «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комиссиясының бақылауында.