БЕСҚАРАҒАЙДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ
Аудандық Достық үйінде өткен интеллектуалды додаға ауданның ауылдық округтерінен келген әуесқой шахматшылар қатысты. Аталған жарысқа Бесқарағай ауданының депутаты Бекжан Мейрашұлы Калдаманов қатысып, III орынға ие болды.
Турнирге қатысқан барлық ойыншыларға аудандық деңгейде құрмет көрсетіліп, грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бекжан Мейрашұлын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!