Отырыс барысында Семей қаласының шекараларын (шегін) белгілеу және өзгерту жөніңде жұмыстар шенберінде мәселесін «Азаматтарға арналған мемлекеттік үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Абай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Т.Асқарұлы (ZOOM қосымшасы арқылы) қатысып депутаттарға баяндады. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы В.Я.Калиновский қосымша ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Бесқарағай ауданының 2025 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселесі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Қ. Абылкасованың баяндамасы тындалды. Комиссия отырысының соңында Бесқарағай ауданының Қоғамдық кеңесін құрамын бекіту туралы және Бесқарағай ауданы бойынша кейбір комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешімдердің жобаларына депутаттар бірауыздан оң дауыстарын берді.
Бірлескен тұрақты комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, сұрақтар кезекті жиырма сегізінші сессияның қарауына енгізілді.