
КГУ «Қара-Мұрзин негізгі мектебінде» «Педагогикалық еңбек ардагерлерінің өскелең ұрпаққа білім мен құндылықтарды жеткізудегі рөлі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Іс-шараға педагогикалық еңбек ардагерлері және аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары қатысты. Семинар барысында педагог-ардагерлердің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, тәжірибе бөлісудегі және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар мұндай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының сапасын арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.