Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері және жерлестер!

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері және жерлестер!

Биыл біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ерекше құрметпен және зор мақтанышпен атап өтудеміз. Бұл – тек тарих беттеріндегі маңызды дата ғана емес, жүректерімізде мәңгі сақталатын ерлік пен батырлықтың символы.

Сіздердің майдандағы және тылдағы жанқиярлық еңбектеріңіз, қайсар рух пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі. Бүгінгі бейбіт өмірдің әр сәті сіздердің батырлық істеріңіздің арқасы екенін біз ешқашан ұмытпаймыз.

Білім беру саласының өкілдері атынан Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын және елімізге тыныштық тілейміз. Ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, жас буын сіздердің ерліктеріңізді құрметтеп, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етеді деп сенеміз.

Мәңгілік ел – мәңгілік ерлікпен!

Ізгі тілекпен,
Бесқарағай ауданының білім бөлімі