Білім басқармасының облыстық «Дарын» орталығы 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған мектептерінің 14 пен 18 жас арасындағы көшбасшылық қасиеттері айқын, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы бар жастардың тұлғалық дамуын көздейтін «EL UMITI» Премиясы бағдарламасына қатысуға тіркелу жүргізілуде.
Премияға қатысуға тіркелу 15 қыркүйектен 15 қазан аралығы https://premia.elumiti.kz/ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
І кезең «Өзін-өзі жетілдіру» 16 қараша мен 31 мамыр аралығы.
ІІ кезең «Әлеуметтік жоба жасау» 1 шілде мен 31 тамыз аралығында өтеді.