
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2026 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 26–27 наурыз күндері Астана қаласында республикалық «Зерделі» «Алтын тұғыр» олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жету ұмтылысын дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және педагог мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында математика пәнінен жыл сайын өткізілетін Республикалық олимпиадаға Абай облысынан «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық және облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен Айдана Сериковна Жасуланова қатысып, өз білімін шыңдап, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Олимпиада нәтижесі бойынша Абай облысы Бесқарағай ауданы білім бөлімінің “Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі”КММ бастауыш сынып мұғалімі Айдана Сериковна Жасуланова жүлделі III орынды иеленді.
Айдана Сериковна Жасуланованы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, кәсіби қызметінде толағай табыстар мен жаңа биіктер тілейміз!