Келешек мектептерінің маусымдық академиясы

Келешек мектептерінің маусымдық академиясы

Ортақ мақсат – ұжымдық даму!
Бүгінгі басты міндет – «Келешек мектептері» тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы білім сапасын арттыру, әрбір оқушыға тең мүмкіндік пен қауіпсіз, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру.
Семинар барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаның негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталып, қатысушылармен ашық пікір алмасты.
Екі күн бойы НЗМ, БИЛ, РФМШ мектептері өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
 Келешек мектептері – бұл жаңа басқару философиясы және жаңа білім беру мәдениеті.
Негізгі құндылықтар:
✔️ Әр оқушыға тең мүмкіндік
✔️ Қауіпсіз және инклюзивті орта
✔️ Көшбасшы басқарушы командалар
✔️ Заманауи әдістер мен цифрлық құзыреттілік
✔️ Әділ қаржыландыру жүйесі
✔️ Ынталандырушы еңбекақы

«Әр мектеп – үздік мектеп» қағидасы арқылы біз әр балаға сапалы білім мен жарқын болашақ ұсынамыз!