«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы

8–11 сынып оқушылары арасында қазақтың көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев әдеби мұрасын насихаттау мақсатында өткен «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде Бесқарағай ауданынан қатысқан
«Жыланды негізгі мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Шаймарданова Әлема жазушы шығармаларын (прозасы мен поэзиясынан) мәнерлеп оқу номинациясы бойынша ІІ орын иеленді. 
Жас оқырманымызды осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Алдағы білім мен шығармашылық жолында биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!