Бесқарағай ауданында көшпелі тимбилдинг өтті

 Бесқарағай ауданында көшпелі тимбилдинг өтті

2026 жылғы 30 қаңтарда Бесқарағай ауданында тәжірибеге бағытталған
«Ұрпақ жүрегіне жол» көшпелі тимбилдинг жобасы аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

🔹 Жобаның басты мақсаты – ата-аналар, оқушылар, педагогтер мен қоғам өкілдері арасында сенімге негізделген, саналы және қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту.

🔹 Іс-шара барысында:
– «Саналы отбасы», «Сүйіспеншілікке жол», «Заң және тәртіп»,
– «Салауатты өмір», «Ұлттық құндылықтар», «Адал азамат»,
– «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу»,
– жасөспірімдердің психикалық, репродуктивті денсаулығы,
– ата-ана, әке, ана, әже, ата рөлдері тақырыптарында
тимбилдингтер, тренингтер, дөңгелек үстелдер, ток-шоулар, TEDx форматындағы кездесулер өтті.

👥 Іс-шараға ата-аналар, оқушылар, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, медицина қызметкерлері, ардагерлер, жастар ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

✨ Көшпелі тимбилдинг – бұл ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтын қоғам құру жолындағы маңызды қадам.