
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2026 жылғы 17-19 қаңтар аралығында Алматы қаласында Оқу-ағарту министрі Ж. Сулейменованың тапсырмасы бойынша Келешек мектептеріне арналған Сириус таланттар саммиті басталып жатыр. Бұл аталған саммит жасанды интеллект және деректерді өңдеу жүйелері, зияткерлік көлік және логистикалық жүйелер, соның ішінде ғарыштық, теңіз және ұшқышсыз технологиялар, жекелендірілген медицина және биотехнологиялар, медициналық робототехника, агроөнеркәсіптік және биотехнологиялар, зияткерлік өндірістік технологиялар, автоматтандырылған жүйелер және қауіпсіздік бағытында оқушылардың зерттеушілік жобалау құзыреттерін дамытуға бағытталған. Аталған шараға «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық ғылыми жоба жеңімпаздары 10 сынып оқушысы - Мейрханов Амир және жетекшісі- информатика пән мұғалімі Еркинбаева Нуржанат Амангельдиевна қатысуда. Келешек мектептеріне арналған Сириус таланттар саммиті біздің ұстаздарымызбен оқушылармыздың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын оятуға, дамытуға үлкен серпін береді деген сенімдеміз!