
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ағарту және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды.
2026 жылғы 13 қаңтарда Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Кеңес отырысын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ашып, білім беру саласындағы бірқатар мәселелер мен жаңашылдықтарға тоқталды.
Кеңес төрағасы болып білім беру мәселелерін белсенді көтеріп жүрген Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов бірауыздан сайланды.
Кеңес мүшелігіне үміткерлер арасынан іріктеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша «Жыланды негізгі мектебі» КММ директоры Лейменова Алина Сейткановна Кеңес құрамына енді.
Кеңес мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, кәсіптік білім беру, тәрбие, бала құқықтары, инклюзия, цифрландыру және білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі комиссиялардан тұрады.
Кеңес мүшелері өз жұмыстарына кірісті.