2025 жылғы 21 қарашада Бесқарағай ауданы мектептеріндегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің қатысуымен кеңес өтті.

2025 жылғы 21 қарашада Бесқарағай ауданы мектептеріндегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің қатысуымен кеңес өтті.

Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты.
Кеңес барысында білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың қазіргі жағдайына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Негізгі назар балалар мен жасөспірімдер арасындағы эмоционалдық қиындықтардың артуына, қолдау жүйесіндегі алаңдататын үрдістер мен жүйелі мәселелерге, сондай-ақ білім беру процесі қатысушыларының өзара әрекеттестігін тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына аударылды.

Жиынның маңызды бөлігі – бірыңғай қолдау стратегиясын қалыптастыру. Онда педагогтердің эмоционалдық қолдау көрсету дағдыларын дамыту, ерте анықтау үшін индикаторлар мен чек-парақтарды әзірлеу, қолдау мәселелерін педагогикалық кеңестердің күн тәртібіне енгізу, сондай-ақ оқушыларға арналған жеке қолдау жоспарларын жасауда педагогтер мен психологтардың өзара ынтымақтастығы қарастырылды.

Кеңес қатысушыларына орталық мамандары дайындаған «тәуекел тобына» кіретін балалар мен жасөспірімдерді сүйемелдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Бұл материалдар эмоционалдық, мінез-құлықтық және коммуникативтік қиындықтарды дер кезінде анықтауға, психологиялық-педагогикалық жұмыстың мақсаттарын белгілеуге және баланың жағдайындағы өзгерістерді жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.

🔹 Сонымен қатар «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ҰҒП институтының «Мектеп психологына көмек» атты диагностикалық әдістемелер жинағын тәжірибеде қолдану мәселесі талқыланды.

Кеңес мамандардың өзара ынтымақтастығын нығайтып, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызын көрсетті және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін жетілдіру бағытында маңызды қадам болды.