Бүгін Бесқарағай ауданында “БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН” ұстаздардың аудандық тамыз конференциясы өтті.
Конференцияға Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев, биылғы жылы зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен орынбасарлары, аудан ұстаздары және жұмысшы мамандығы жылына орай, бірқатар мектеп қызметкерлері қатысты.
Ардагер ұстаздар, педагогтер және қызметкерлер оқу-ағарту министрінің, білім басқармасы басшысының, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.