Тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Бесқарағай ауданында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Бұл жиын жаңа оқу жылы қарсаңында ауданның барлық білім беру ұйымдары үшін негізгі бағыттарды айқындайтын маңызды алаңға айналды.

✨ Секция жұмыстары барысында:
🔹 тәжірибе алмасу,
🔹 өзекті мәселелерді талқылау,
🔹 тиімді ұсыныстар әзірлеу жоспарланды.

📚 Жиында алдағы оқу жылының басты міндеттері белгіленді:
✅ білім сапасын арттыруға арналған жаңа әдістемелерді енгізу;
✅ оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру;
✅ тәрбие жұмысын ұлттық құндылықтарға негіздей отырып жетілдіру;
✅ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және үздіксіз білім алу жүйесін нығайту.