Білім бөлімінің басшысы Беген, Өндіріс, Семеновка, Канонерка, Кара-Мырза мектептерінің жылу қазандықтары мен ғимараттарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын қадағалап қайтты. Мердігерлерге оқу жылы басталмай жұмыстарды аяқтауды тапсырды.