Құрметті Бесқарағай ауданының мектеп бітіруші түлектері!

Құрметті Бесқарағай ауданының мектеп бітіруші түлектері!

Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен – өмірлеріңіздегі аса маңызды, жарқын әрі есте қалар сәтпен шын жүректен құттықтаймыз!

Биылғы жылы Бесқарағай ауданы бойынша 11-сыныпты 166 түлек тәмамдағалы отыр. Оның ішінде 12 оқушы – «Алтын белгіге», ал 29 түлек – Үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркелген. Бұл – аудандағы білім беру сапасының, ұстаздардың еңбегі мен оқушылардың табандылығының айқын көрінісі.

Сондай-ақ, 9-сыныпты 289 оқушы аяқтап отыр. Олардың 49-ы – Үздік аттестатқа үміткер. Бұл көрсеткіштер – жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын, талап пен еңбекті қадірлейтінін көрсетеді.

Қымбатты түлектер, Сіздер – ауданымыздың үміті мен ел ертеңінің тірегісіздер. Сіздерге Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік, жүректеріңізге сенім, алға қойған асқақ армандарыңызға жетуге қажыр-қайрат тілейміз!

Өмір жолдарыңыз жарық, таңдауларыңыз дұрыс болсын! Қайда жүрсеңіздер де туған өлкенің абыройын асқақтатып, білім мен парасаттың биігінен көріне беріңіздер!

Ізгі тілекпен,
Бесқарағай ауданының білім бөлімі