“Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде” 2025 жылғы 23 мамырда «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл шара түлектердің мектеппен қоштасу сәтін ерекше атап өту мақсатында ұйымдастырылды.

 Мақсаты:
Іс-шараның негізгі мақсаты — түлектерді ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әрбір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу. Мерекелік жиынға Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы М.К.Кәдірбеков, мектеп бітіруші түлектер, олардың ата-аналары, ұстаздар мен мектеп әкімшілігі қатысты.
Ерекше қымбатты сәтте сіздерді құттықтап келген құрметті қонағымыз Еуразиялық Ұлттық университетінің докторанты, «8 минуттық кітап оқу» әлеуметтік жоба негізін қалаушысы Жанерке Мейрамғазықызы түлектерге жүрек жарды тілектерін арнап 1-4 сынып, 9 – сынып, 11- сынып жетекшілеріне кітап табыстады.
Іс-шара барысында 1- сынып оқушылары түлектерге сәт-сапар жолдап,түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдады. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ тілегін жолдады.
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара мектеп бітірушілердің білім ордасымен қоштасу сәтін ерекше атап өтуге, олардың еңбегін бағалауға және болашаққа деген сенімдерін арттыруға бағытталды. Сәт-сапар түлек-2025!