АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Аталған бөлімнің басшысы Алия Саққұлова әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаржы, мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, қайырымдылық көмектер, бейімделетін нысандар кесіндісінде бөлінген қаржы көлемі, «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі «Д» және «Е» санаттарындағы отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және мәліметтерді өзектендіру, «Қарызсыз қоғам» жобасының орындалуы жөнінде баяндап берді.
Аудан әкімі баяндамада көрсетілген мәліметтер бойынша бірқатар мәселелерді нақтылап, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға талдау жүргізіп, оны ай сайын жоспарға енгізіп бекіту керектігін және аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтауды тапсырды.
Кеңесте басқа да мәселелер көтеріліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.