МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ: Білікті дәрігер – жанға дауа

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ: Білікті дәрігер – жанға дауа

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін жаңартуда маңызды рөл атқаратын ауқымды реформалар жүруде. Отандық медицина алдында үлкен және жауапты міндеттер тұр. Жаңа технологиялар және диагностика мен емдеудің инновациялық әдістері игерілуде.
Денсаулық сақтау саласында бүгінде еңбекқор әрі жауапты мамандар қызмет етуде. Солардың бірі - аудандық емхананың жоғары санатты кардиолог дәрігері Тимур Рысқұлбеков.
Тимур Сегізбайұлы 1994-1996 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл медициналық колледжінде "Мейіргер ісі" факультетінде білім алған. 2000-2006 жылдары Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде "Емдеу ісі", 2006-2007 жылдары "Терапия" мамандығы бойынша интернатура оқыды.
Еңбек жолын 2007 жылы Байзақ аудандық орталық ауруханасында терапевт дәрігері болып бастады. 2009 жылдан ауруханада бірінші санатты кардиолог дәрігері қызметін атқарса, биылдан бастап жоғарғы санатты кардиолог-дәрігері қызметін атқаруда. Иә, кейіпкеріміз осы уақыт аралығында қиын да жауапты қызметімен көптің көңілін тауып, алғысына бөленіп жүр. Өз мамандығынан мол тәжірибе жинап, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Ақпараттық медиа орталығы.