Білім беру басқармасының "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын білім беру мекемелерінде жүзеге асыру туралы семинары Қаражар жалпы орта білім беру мектебінде өтті.
Семинарға балабақша, қосымша білім беру, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мекемелерінің басшылары, тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, әдіскерлері қатысты.
Семинарда - облыстық шығармашылық топ мүшелері бағдарламаның жүйелі жүзеге асуы туралы негізгі жолдарын көрсетіп, бағдарламаның білім беру ұйымдарында қолданылатын негізгі бағыттарына шолу жасады.